2024 жылғы 23 желтоқсанда қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы студенттермен іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді қысқы мерзімде болатын табиғи апаттар мен төтенше жағдайларға дайындық туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, қауіпсіздікті сақтау дағдыларын қалыптастыру болды.
Студенттерге
🔹🔹Қысқы ауа райында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері (жолда жүру, көлік құралдарын пайдалану);
🔹🔹Суық пен аяздан қорғаудың тиімді тәсілдері, гипотермия мен мұздатудан сақтану жолдары;
🔹🔹Мұздың үстінде қауіпсіздік ережелері (мұзда сырғанау, суға бату қауіптері);
🔹🔹Жанғыш материалдар мен электр құрылғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
🔹🔹Төтенше жағдайларда көмек көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері туралы презентация, бейнеролик арқылы түсіндірілді,
Студенттер өз сұрақтарын қойып, қысқы мезгілде қауіпсіздік мәселелері туралы тереңірек түсінік алды.