Оқушыларға буллинг жән кибербуллингтің мәнін түсіндіру, оның зияны мен салдары туралы ақпарат беру; жасөспірімдердің өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру және буллингтің алдын алу жолдарын. үйрету; мейірімділікке, сыйластыққа және өзара түсіністікке тәрбиелеу мақсатында «Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Жасөспірімдер арасында буллинг және кибербуллинг — қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі. Буллинг — бұл біреуді қорлау, кемсіту, физикалық немесе психологиялық зорлық көрсету арқылы жасалатын теріс әрекет. Ал кибербуллинг интернетте, әлеуметтік желілерде адамдарды қорлау мен қысым көрсету болып табылады.

Бұл әрекеттер жасөспірімдердің психологиялық және әлеуметтік дамуына теріс әсер етіп, олардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Әрбір бала мен жасөспірім өзіне деген құрмет пен жан тыныштығын сезінуі тиіс. Сондықтан буллинг пен кибербуллингке қарсы тұрып, бір-бірімізге мейірімді әрі адал болуға шақырамыз.

Егер сіз буллингке немесе кибербуллингке ұшырасаңыз, үндемей қалмаңыз. Қолдау көрсететін адамдарды іздеңіз, проблемаңызды бөлісіңіз. Өзара құрмет пен түсіністік арқылы ғана осы мәселеге қарсы тұра аламыз.