2024 жылдың желтоқсан айында Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледжінің психологтары Момышева М.Б., Шакибаева А.А. кезекті жоспар бойынша жоғары колледж студенттерімен “Мен қандаймын, мен не істей аламын? Маған не қажет?” атты кеңес беру тренингін өткізді.
Бұл тренинг студенттердің өз-өзін танып-білуіне, жеке тұлғалық дамуына бағытталған шара болып табылды.
Тренингтің негізгі мақсаты – студенттерге өзін-өзі бағалау мен өз күш-қабілеттерін дұрыс түсіну, өмірлік мақсаттар мен арман-аңсарын анықтауға көмектесу. Оқушыларға жеке тұлға ретінде өздерінің ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін бағалау жолдары туралы кеңестер берілді.
Тренинг барысында қарастырылған тақырыптар:
- Өзін-өзі тану: Студенттер өздерінің күшті және әлсіз жақтарын анықтап, қандай қасиеттері оларды ерекше ететінін түсінді.
- Мақсат қою және жоспарлау: Болашаққа нақты мақсаттар қою, оған жету үшін қандай қадамдар жасау керек екені туралы сөз қозғалды.
- Кәсіби дағдылар мен қызығушылықтар: Қандай кәсіби дағдыларға ие екендігі және оларды дамыту үшін қандай әрекеттер жасау керектігі талқыланды.
- Жеке қажеттіліктер мен армандар: Студенттер өздерінің өмірлік мақсаттары мен қажеттіліктерін түсініп, оларды жүзеге асыру үшін не қажет екені туралы пікір алмасты.
Бұл тренинг студенттердің өз қабілеттеріне сенімін арттырып, олардың болашақта табысты әрі үйлесімді тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етті.
View the embedded image gallery online at:
https://sch.edu.kz/kz/247/1002-men-andajmyn-men-ne-istej-alamyn-ma-an-ne-azhet.html#sigFreeId92657f294c
https://sch.edu.kz/kz/247/1002-men-andajmyn-men-ne-istej-alamyn-ma-an-ne-azhet.html#sigFreeId92657f294c