2023 жылдың 26 қаңтарында "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы"мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ-де тәлімгер Б.Маханова жасөспірімдер ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы А.Қ.Айсүгіровпен кездесу ұйымдастырып, орта және жоғары класс оқушыларымен "Жасөспірім. Мектеп. Тәртіп " тақырыбында әңгіме жүргізді.
Құқықбұзушылықтың алдын алу, мектеп ережелерін орындау мақсатында өткізілген түсіндірме жұмысында оқушылар қойып,өз көкейлерінде жүрген ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, қазіргі таңдат жасөспірімдер арасында көп кездесетін "буллинг" туралы түсіндірілді. Оқушылардың бір-бірін кемсітпеу, мұқатпау керектігін, қажет уақытында қол ұшын беріп, көмектесу керектігі айтылды. Оқушылардың арасынла кездесетін үгіттеу сияқты оқиғалар сөз етіліп, мысалдар келтірілді.
Учаскелік полиция инспекторы А.Қ.Айсүгіров мектепке жиі келіп, оқушылармен тығыз байланыста, жіті қадағалайтынын айтты.