Кәмелетке толмағандар арасындағы арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-аналар мен білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 14-25 қараша аралығында облыс көлемінде "Құқықбұзушылықтың алды алу - басты міндет" атты онкүндіктің жоспарына сәйкес Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінде бірнеше шаралар жоспарланды.

Онкүндіктің ашылуына орай тәлімгер Б.Маханованың ұйымдастыруымен 14 қараша күні жасөспірімдер ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Д.Б.Ермағамбетов пен 8-10 класс оқушылары және колледж студенттерінің кездесуі өтті.