2022 жылғы 22 қыркүйекте қаламыздың "Гринленд" демалыс базасының аумағында жоғары буын оқушылары арасында "Тимбилдинг" өткізілді. Барлығы 12 адам қатысты.
Мақсаты: оқушылардың бірлігі, ортақ ой-өрісін дамыту, ұжымдық жұмысқа баулу, шешім қабылдай білу және мақсатқа жетуге тәрбиелеу.
Тимбилдинг – бұл оқушылардың ұйымшылдығына арналған, командалық білім беру бойынша тренинг. Ойын барысында оқушылар барлық жарыстарға аса қызығушылықпен қатысты: арқанмен сырғанау, кедергілер торынан өту, ашық ауада волейбол ойнау ойындарында ептілік пен еркіндік танытты.
Аспалы жол ең қиын тапсырма болды, бірақ оқушылар өздерінің ептілігінің арқасында жақсы орындап шықты. Балалар өз міндеттеріне өте байыпты қарап, кедергілерден өту реттілігін қызу талқылады, бір-біріне кеңес беріп отырды.
Тимбилдинг нәтижесінде оқушылар тиімді қарым-қатынас дағдыларын игеріп, өзара жағымды қарым-қатынас орнатуды, ортақ тіл табуды үйренді, бір-біріне деген сенімділік мен адалдық деңгейі артты.