Ағымдағы жылдың 3-4 маусым күндері Алматы қаласында "Дара" қайырымдылық қоры", Azimut-LUX" ұйымдастырумен "Әлемді ашамыз: Аймақтар" жобасы аясында көру қабілеті бұзылған оқушылар арасында шоудан турнирі өтті. Мақсаты: көру қабілеті бұзылған балаларды бейімді шоудан спорт түрлері арқылы дамыту.
Шоудаун - спорттың жаңа түрі, ол көру қабілеті нашар адамдарға арналған үстел теннисі, мұнда арнайы құралдар қолданылады: дыбыстық шарлар, қорғаныш қолғаптар, көзге өтпейтін маскалар. Қазақстанның әр өңірінен командалар қатысқан турнирге Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп -интернат-колледж" кешенінің оқушылары да қатысып, жеңімпаз атанды:
АМАНГЕЛДИЕВ ӘМІРБЕК - ІІІ орын,
МУХАМБЕТ-САДЫҚ БЕКНҰР - ІІ орын жеңіп алса,
АНДАҒҰЛ ІНЖУ - қатысқаны үшін дипломға ие болды.