2023 жылғы 18 сәуір күні «Жұлдызай» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған Республикалық «Жұлдызай» шығармашылық фестиваль байқауы қашықтан (сырттай) өткізілді.

Аталған республикалық байқауға қатысқан 534 жас таланттардың ішінен «Әнді ым-ишарамен орындау» бағыты бойынша Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің «Аяла» тобы жүлделі ІІ орынды иеленді.

Топ құрамы:
Шымбергенова Томирис Берікқызы,
Нурмухамед Диас Ержанулы
Жеңіс Айбек Арманұлы,
Масакова Маржан Арманқызы,
Бақтығали Асланбек Бекетұлы,
Жаңабаева Кәусар Жұматайқызы.
Жетекшісі: Тажбенова Лаззат Жолдыбайқызы