2022 жылдың 14 қазан күні «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ қолдауымен «Қалалық қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйі» КММ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстандық саңыраулар қоғамының 85 жылдығы және Қалалық қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйінің 45 жылдығына арналған «Сәукелелі ару» атты есту мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы ашық байқауын өткізді.   ҚР мүгедектер күні қарсаңында ұйымдастырылған байқауға Атырау, Қызылорда, Орал қаласының есту мүмкіндігі шектеулі сұлу қыздарымен қоса, Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінің жоғары класс қыз балалары да қатысып, өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Қыздарымыз байқау шарттары бойынша өзін-өзі таныстыру, өз өнерін көрсету, үй тапсырмасы ретінде қолөнер жұмысын ұсыну, түрлі материалдардан жасалған киімдер мен бас киім үлгілерін көрсету және
үздік сәукеле дайындады.

Байқау қорытындысы бойынша қыздарымыз жақсы өнер көрсетіп, марапатқа ие болды:

Парасатты ару номинациясы - Костромина Эльвира (жетекшісі У.Б.Мендикулова);

Көрермен көзайымы номинациясы- Когисова Аружан (жетекшісі Д.З.Бимагамбетова);

Өнерлі ару номинациясы -Тұрарова Наргиз(жетекшісі Г.Б.Сағынаева);

Сымбатты ару номинациясы - Ракитянская Сабрина (жетекшісі Ж.Ж.Жалғас)