2022 жылдың 26 -30 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында және орталық стадионда өткен "ЖҰЛДЫЗАЙ" І Ұлттық Инклюзивтік Ойындарына Ақтөбе облыстық арнайы есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінің жас спортшылары да қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.
🥇ЩЕЛОКОВ ДАНИИЛ - 50 метр, 100 метр қашықтыққа жүгіруден І орын жеңіп алды.
🥇🎾САПАРГАЛИЕВ ИЛЬДАР - теннистен 1 орын жеңімпазы.
🏆Асық атудан жалпы командалық есеп бойынша І орын,
🏆Бестас ойынынан жалпы командалық есеп бойынша ІІІ орын иеленді.