Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені КММ 2022-2023 оқу жылына мектеп түлектерін төмендегідей мамандықтар бойынша білім алуға шақырады.
Мамандығы: 07230100 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»
Біліктілігі: 3W07230102 «Арнайы тігінші»
Мамандығы: 10120100 «Шаштараз өнері»
Біліктілігі: 3W10120101 «Шаштараз стилисті»
Оқу түрі: күндізгі
Мерзімі: 1 жыл 10 ай
Білім алушыларға барлық жағдай жасалынған: жылы, жайлы жатақхана, 5 мезгіл тегін тамақтану, мәдени-сауықтыру, спорттық шаралары жыл бойы ұйымдастырылады.
Білім мекемесінің тарихы:
“Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп – интернат” 18.07.2014ж №252 Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен «Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжі» КММ болып қайта аталды.
2014 оқу жылынан бастап колледж қабырғасынан 34 түлек бітірді.
Кадрлар даярлау 2 мамандық бойынша жүргізіледі:
-
0506000
«Шаштараз өнері және сәндік косметика»
(біліктілігі 0506012 «Шаштараз-модельер»)
-
1211000
«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»
(біліктілігі 1211062 «Арнайы тігінші»
Кәсіптік – технологиялық практикалар қаладағы белгілі кәсіпкерлердің тігін ательесінде және шаштараз салондарында өтеді.
Мекен-жайы:
Ақтөбе қаласы, Гришин көшесі 13.
Телефон: 8(7132)513843
Е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.