Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең
алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады.
Мектебімізде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған
іс-шаралар өткізіліп тұрады. Осыған орай Ақтөбе облыстық арнайы
«мектеп-интернат-колледж» кешені КММ білім беру ұйымында
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары
жасалып, бекітіліп әр түрлі жұмыс түрлері жүргізілуде. Аталған
кешенді жоспардың негізгі мақсаты мен міндеті сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту, жемқорлық
деңгейін төмендету. Бастауыш сынып оқушылары арасында
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымын!» атты сурет көрмесі, орта,
жоғарғы буын, колледж студенттеріне «Байқаңыздар, алаяқтар!»,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» атты бірыңғай тәрбие
сағаттары, сұхбат, пікірталас, жадынамалар таратылып, түсіндірме
жұмыстары жүргізіліп жатыр.