"Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ кітапханасында кітапханашы Л.Бултекова мен оқытушы Н.Жанболатованың ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлық - қоғам дамуының кедергісі" атты құқық бұрышы және сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушыларға "сыбайлас жемқорлық” ұғымын түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, қоғамдық жайларға бей-жай қарамауға, болашаққа жауапкершілікпен қарауға және әділдікке тәрбиелеу. Жоғары буын оқушылары сұрақтарға жауап беру арқылы көкейіндегі өз жауаптарын жеткізіп, пікірлерін ортаға салды. Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер айтылды. Оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, ойлаған нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктерімен тырысу керек екендігін ұғынды.