«Жемқорлыққа жол жоқ» сурет байқауы
2022 жылдың 13 наурыз күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы " мектеп-интернат-колледж" кешені» КММ бастауыш буын бірлестігі арасында «Жемқорлыққа жол жоқ» атты шығармашылық сурет байқауы өткізілді. Байқау алдында бастауыш класс оқушыларына жемқорлық туралы түсінік беру мақсатында мақсатында тәрбие сағаттары өткізіліп, бейнероликтер көрсетілді, жемқорлықтың мемлекетке зияны туралы түсінік берілді, сұрақтар қойылып балалар өз ойларымен бөлісті. Бекіту мақсатында өткен сурет байқауына оқушылар белсене қатысты.