2021 жылдың 9-желтоқсан күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат- колледж» КММ кешенінде жоғарғы класс және колледж оқушыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оқушыларды

парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Біз сыбайлас жемқорлықа қарсымыз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында жемқорлықтың салдары мен зиянын көрсету мақсатында бейнероликтер көрсетілді. Бейнеролик ым-ишара тілінде түсіндірілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың болу себептері мен факторларына тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың мемлекетке, адам тағдырына келтірер зардабы туралы мәліметтер берілді. Оқушылар бейнероликтке көрсетілген оқиға туралы өз ойларымен бөлісті.Сабақ соңы окушылрдың білімін бекіту мақсатында сұрақ-жауап арқылы викториналық ойын ұйымдастырылды.

Сабақ ым-ишара тілінде түсіндірілді.