Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап, жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. 2003 жылы Мексиканың Мерида қаласында жоғары деңгейде өткен саяси конференцияда БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Конвенциясы қабылданды. Қазіргі уақытта Конвенцияға 140-қа жуық мемлекет қол қойып, 80-ге жуығы ратификацияланды. Біздің еліміз аталған конвенцияны 2008 жылдың мамыр айында ратификациялады.
2020 жылдың 10 желтоқсан күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешені КММ-де тәрбиешілер Балжанова Ақмар, Артыкова Айнур жоғарғы класс және колледж топтарының оқушылары арасында жемқорлыққа қарсы шараларды қолдау, «сыбайлас жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру; өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында "Қазақстан – құқықтық мемлекет» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Сабақта Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер одағына мүше екені айтылып, елімізде тамырын тереңге жайған жемқорлық әрекеттердің жиі бой көрсетіп тұратындығын ескете келе, Президент Қ.К.Тоқаевтың мемлекеттің осы бағыттағы қолға алған шарларын белгілі агенттіктер атап өтетіндігіне тоқталды. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің ең тиімді құрадарының бірі – автоматтандыру болып табылатыны, Мелекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстандық сандық салаға көшуге кіріскені туралы түсіндірілді. Бұл – еліміздегі барлық қызмет көрсету салалары толығымен электронды қызмет көрсетуге көшкен жағдайда сыбайлас жемқорлық қысқара түседі деген сөз.