«Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет»
Н.Ә.Назарбаев
Елбасы алға тартқан міндет жергілікті жерлердегі құзырлы органдармен қоғамдық ұйымдар жұмысының темірқазығына айналып отыр.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында «Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балалрға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» КММ жемқорлықты болдырмау және алдын алуға арналған іс-шараларға 2019-2020 оқу жылында жоспар құрылды.
Жоспардың мақсаттары мен міндеттері:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу көрністерін азайту.
2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрлымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамассыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.
3.Оқу білім үдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.
Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады.
Осыған орай мектебіміздің 1-ші қабатында Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған «сенім жәшігі»ілінді.
Қыркүйек айында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Нағашыбаеваның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы негізінде Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінің 2019-2020 оқу жылына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар»жоспары құрылып, «Адал ұрпақ»еріктілер клубының мүшелері сайланып, жоспары бекітілді.
1. 20.09.2019 жылы жоғары класс және орта буын оқушылары арасында оқушыларға жемқорлықтың алдын –алу,оны болдырмау,онымен күресу жолында қандай іс шаралар болып жатқандығы туралы мәлімет беру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ақпараттық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүгінгі күннің ең негізгі мәселесі болып жатқаны туралы анықтамалар берілді. Сыбайлас жемқорлықтың орын алатын салалары: Құқық қорғау салаларында , коммерциялық бағыттарда, медицина және білім саласында кездесетін келеңсіз жағдайлар бейнебаян арқылы көрсетілді.
2. 17.10.2019 жылы жоғары класс оқушылары арасында оқушыларға жемқорлық деген не екенін түсіндіру, дүниетанымдарын кеңейту,патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында «Жемқорлық-қоғам індеті» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар екі топқа бөлініп ақ қағазға сыбайлас жемқорлық туралы жазып, өз ойларын білдірді.Сабақта слайдтар, суреттер арқылы сөйлеу тілі дамытылып,бейнебаян арқылы түрлі жағдаяттар көрсетілді. Көрсетілген бейнебаянды сұрақ-жауап арқылы талқылап, өз ойларын жеткізе білу жұмыстары жүргізілді.Сабақ соңы сұрақ-жауап арқылы сыбайлас жемқорлық туралы ойларымен бөлісті.Сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатынасты.
3. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.18.10.19 күні спортзалда оқушыларды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды. Шараға орта және жоғарғы буын оқушылары қатысты.Елдің болашағы жастардың қолында екені би арқылы түсіндіріліп, жақсы көңіл күймен аяқталды.
4.Қараша айында оқушылардан сауалнама алынды.Сауалнамаға 9-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл сауалнаманы алудың мақсаты:Оқушылардың заңды мүдделері мен еркіндіктерін құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғауды қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жол бермеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру; мектепішілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы оқушылар ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру. Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың жемқорлық туралы мәліметті толық игергені анықталды.
5. 15.11.2019жылы мектеп кітапханасында жоғары класс және колледж оқушыларының қатысуымен «Жемқорлықтың тарихи тамыры»тақырыбында құқықтық тәрбие сағаты өткізілді.Тарих пәнінің мұғалімі Г.Г Шотанова оқушыларға жемқорлық ғасыр дерті ,сыбайлас -жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу кезеңі,қай заманнан етек алып келгені,туыстық қарым –қатынас, сыбайлас байланыс туралы түсінік беру,өз еліне, өз қызметіне өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділетсіздікке жол бермеу, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында тәрбие сағатын өткізді.Сабақ барысында слайд арқылы бейне роликтер көрсетіліп,оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып,өз ойларын білдіріп,жемқорлық олда ұрлықтың бір түрі екендігін ,пара алу ,пара беру заңға қарама қайшы екендігі туралы мәлімет алды.Сыбайлас жемқорлықтың тек жеке басыңа емес, мемлекетке әкелетін зардабы туралы бейне роликтен көріп ,оқушылыр адалдық,адамгершілік қасиеттерді биік қоюкерек екендігін түсінді.Ұсынылған бейне роликтер ым-ишара тілінде мағынасы түсіндірілді.Сабақ соңында оқушылармен«адалдық алаңы» атты тренинг ойнатылып,жылулық, мейірімділік,қайырымдылық ниетпен өз отанына адал қызмет ететін қызметкер болу әр адамның парызы деп сабақ қорытындыланды.
6.Желтоқсан айында орта буын оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлық індет-күресу міндет»тақырыбында сурет байқауы болды.Бұл байқауға орта буын оқушылары қатынасты. Оқушылар өз ойларын, сыбайлас жемқорлықтың заңмен жазалатынын, мемлекетіміздің дамуына нұсқан келтіретінін сурет арқылы жеткізе білді. Бұндай індетке бірлесіп қарсы тұрғанда оң нәтиже беретіндігін түсінді. Байқауға барлық орта буын оқушылары белсенді қатысты.
7.Желтоқсан айының тоғызында кітапханада Халықаралық жемқорлыққа қарсы күні қарсаңында коллдеж топтары мен жоғарғы класс оқушылары арасында А.Төбетбаева мен А.Балжанованың жетекшілігімен «Адалдық алаңы» атты ақпарттық сабақ өткізілді.Сабақ барысында бейнебаян мен суреттер арқылы Ақтөбе қаласы бойынша «Адалдық алаңы» жобасы таныстырылды. Бұл жобаның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыру.Сабақ соңы:парасаттылыққа баулу мақсатында «Мен қандай көмек жасай алам»атты тренингпен аяқталды.
8.Желтоқсан айының 11-де жоғары буын мен колледж оқушылары арасында «Интернет пен әлеуметтік желідегі оқушы рөлі: Әлеуметтік желі! «азық»па,азап па?» тақырыбында ақпараттық тәрбие сағаты өткізілді.Мақсаты: Оқушыларға интернет пен әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянды жақтарын түсіндіру . Сабақ барысында оқушыларға алдымен агент, ВК, әлеуметтік желі, интернет сөздеріне түсінік берілді. бейнебаяндар арқылы зиянды жақтары туралы ақпарат алды. Бейнебаянның мағнасы ым-ишара тілінде түсіндірілді. Интернет пен агент оқушылардың санасын улап, ойлау қабілеттерін тоқырауға әкеліп ұшырататындығы айтылды. Сабақ соңында оқушыларға «Бүгінгі менің өз ойым»атты оқушыларға топтық жұмыстар берілді. Сұрақ-жауап арқылы оқушылар өз ойларымен бөлісті.Сабаққа оқушылар қызығушылықпен қатынасты.
9.Ақпан айының 4-де жоғары класс және колледж оқушылары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін бағытталған құқық қорғау органдарының өкілімен кездесу өткізілді.Аталған кездесу шарасына жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы Д.Б.Ермағанбетов қатысты. Оқушылардың заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында: «Пара алу құрдымға бастар жол» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Слайдтар арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары түсіндірілді. Құқық қорғау өкілі оқушыларға пара алу мен пара беру бірдей жауапкершілікке тартылатындығын, заң алдында жауап беретіндігін, жасаған қылмыстың ауырлығына қарай,қандай баптармен қылмыстық іс қозғалатындығын түсіндірді. Кездесу барысында бейнероликтер көрсетілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша оқылған дәріске оқушылар, студенттер белсенді қатысты. Дәріске қатысушы оқушылар қойған сұрақтарына толық жауаптарын, өздеріне қажетті мәліметтерін алды.
10.Ақпан айының жетісінде 8-10 класс және колледж оқушыларына «Жемқорлық – жабық құбылыс» деп аталатын сауалнама өткізілді. Мақсаты: сыбайлас жемқорлық жөніндегі түсініктерін анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша оқушылар ынтымақтастығын кеңейту және жандандыру.
11.Наурыз айының он екісінде жоғарғы және орта буын оқушылары арасында «Жемқорлықсыз болашақ» атты шара өткізілді.Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу. Шара барысында балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын қойылымдар көрсетілді. Оқушылар осы қойылымдар туралы ойларын ортаға салып, адам бойындағы жағымды , жағымсыз жақтарын ашып, ойларын түйіндеді.
12.Наурыз айының 10-13 аралығында жоспар бойынша «Салауатты өмір» тақырыбында мектебіміздің дәрігері мен жоғарғы топ оқушылары арасында кездесу өтті. Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты мектеп дәрігері Ұ Табанова оқушылар мен ата-аналарға коронавирус індеті және одан сақтану туралы жадынамалар таратылып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
13.Ораза айында «Адал болайық»атты қайырымдылық акциясында көптеген оқушыларға көмек берілді.
Мектебімізде білім беру сәуір айының 6-сынан бастап қашықтықтан оқыту форматына көшті.Сәуір, мамыр айларында өткізілуге тиіс «Жемқорлықтың дамуына әсер ететін факторлар мен себептер»атты дөңгелек үстел мен «Айбынды жігіт»атты шара өткізілмей, кейінге қалдырылды.
Мектебімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған іс-шаралар ай сайын өткізілуде. Күнделікті оқу процесінде жемқорлыққа жол бермеу мәселелері үнемі қадағаланып отырылды. Осы 2019-2020 оқу жылда жоспарланған оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту, адал болуға үйрету, әділдікке тәрбиелеу мақсатындағы іс-шаралар толық игерілді.