Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-инетрант-колледж» кешенінде Жаңа жыл мерекесіне арналға шаралар өтті. Жаңа жыл – барлық оқушылар мен ұстаздар үшін қуаныш пен үміттің, жаңа бастамалардың символы болып табылады. Мектебімізде өткен бұл мереке баршаға жылулық, жақсы көңіл-күй мен қуаныш сыйлады.
🎉 Мерекелік бағдарламада әртүрлі қойылымдар, көңілді ойындар мен шығармашылық номерлер орындалды. Оқушылар мен ұстаздар бірге ән айтып, би билеп, түрлі әзіл-қалжыңдармен бір-бірін күлдірді. Мектептің бірінші қабатында арнайы дайындалған шырша мерекенің басты көрінісі болды.
🎁 Жаңа жылдық кештің ерекшелігі – әр сыныптың өз ертегісі мен жаңа жылдық қойылымдарын көрсетуі, түрлі сайыстар мен конкурстар өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, мектептің басшылығы мен ұстаздары оқушыларды Жаңа жылмен құттықтап, сәттілік пен денсаулық тіледі.
🎄 Бұл мереке барша мектеп ұжымына жаңа жылда тек жақсылық, бақыт пен табыс әкелсін деген тілектермен аяқталды. Оқушылар мен ұстаздар бірлесіп өткізген бұл іс-шара жаңа жылға деген көңіл күйді көтеріп, баршаға қуаныш пен қуат берді.