2024 жылдың 13 желтоқсанында Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешенінде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Күн дидарлы Қазақстан”атты мерекелік шара өткізілді.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған және еліміздің тарихы, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар мен ұстаздар өз өнерлерін көрсетіп, қазақ халқының бай мәдени мұрасын таныстырды.
Аталған шара мектеп оқушыларына өз елінің тарихы мен мәдениетіне деген құрмет пен мақтаныш сезімін оятуға бағытталған маңызды іс-шара болды.