6 желтоқсан күні «ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» қызметін ұйымдастыру жоспары бойынша көру және есту қабілетінде бұзылыстары бар бастауыш класс бірлестіктерінің тәрбиешілері М.К.Тажибаева, К.А.Айтуганова ата-аналарға “Көру және есту қабілеті бұзылған балалардың зейінін дамыту” тақырыбында кезекті желтоқсан айының кездесуін ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты:
1)көру және есту қабілеті бұзылған балалардың зейінін дамытудың маңыздылығы туралы талқылау;
2)Ата-аналарға көмек көрсету үшін балалардың ерекшелігін ескере отырып, үй жағдайында баланың зейінін дамытуға арналған ойындар, жаттығулармен таныстыру.