«Заң және Тәртіп» айлық акциясы аясында 2024 жылдың 6 желтоқсан күні «Ата-аналар мен білім беру ұйымы: Бір мүдде» тақырыбында бірыңғай ата-аналар жиналысы өткізілді.
Бұл шара ата-аналардың, педагогтардың және арнайы мамандардың арасында коммуникацияны нығайту, білім беру процесі мен балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша пікір алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған шараға қатысушы ішкі істер органдарының өкілі Искалиев Н.К. балалардың қауіпсіздігі, құқық қорғау органдарының жұмысы, және заңды құқығы туралы ақпараттармен бөліссе, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының өкілі Т.Н.Разақ балалардың білім алуы, тәрбиесі және оларға қатысты қоғамдағы жаңалықтар мен реформалар туралы ақпараттар ұсынып, талдау жасады.