Орта буын тәрбиешілері ата - аналарға педагогикалық қолдау бағдарламасы бойынша ата - аналармен “Жадыны дамыту” тақырыбында отырыс өткізді.
Мақсаты: ата - аналардың жасөспірімдердің есте сақтау қабілетін белсенді қолдауға және ынталандыруға дайындығын арттыру; жасөспірімдік кезеңде балаларын қолдау үшін есте сақтау қабілетін дамыту әдістерін қолдануға ата - аналардың мотивациясын қалыптастыру; ата - аналарды жасөспірім кезіндегі есте сақтау ерекшеліктерімен таныстыру; үйде қолдануға болатын есте сақтауды дамытудың практикалық әдістерін үйрету.
Орта буын ата - аналары белсенділік көрсетіп, жауапкершілік танытты.