Оқушылар бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алу, атадан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру арқылы өнеге алуға баулу мақсатында 2024 жылдың 19 қараша күні 9 “а” класс тәрбиешісі М.С.Культемирова “Ұлттық салт - дәстүр: ұрпаққа ұлағат” тақырыбында жарыс сабақ өткізді.
Сабақта оқушылар ұлттық дәстүрлер бойынша топтарға бөлініп, әр топқа арнайы тапсырмалар берілді. Әр топтың жұмысы өте қызықты және шығармашылықпен орындалды.
Сабақ соңында оқушыларға ұлттық дәстүрлердің қазіргі өмірдегі маңызы туралы ой бөлісу ұсынылды. Олар өздерінің отбасында орындалатын дәстүрлер мен мерекелер жайлы әңгімелеп, сабаққа белсене қатысып, ұлттық мәдениетті құрметтеу керектігін атап өтті.
Тәрбиеші тарапынан сабақты қорытындылау барысында ұлттық дәстүрлердің ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, мәдени мұра ретінде сақталуының маңыздылығы айтылды.
Сабақ өте қызықты әрі білімді болды, оқушылар қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениеті туралы көп жаңа мәлімет алды.
Өскелең ұрпаққа халқымыздың ежелгі дәстүрлері, мерекелері, ұлттық тағамдары мен киімдерін насихаттап, отбасылық дәстүрлер, қонақжайлық және үлкендерге құрмет көрсету сияқты маңызды ұғымдарды ұрпақ санасына жеткізу әр ұстаздың міндеті болып табылады.