“Мектеп-интернат-колледж” кешенінде эстетикалық және кәсіптік білім беру және жоғарғы буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестіктерінің “Өнер, білім - қос қанат” тақырыбындағы апталығы өтуде. 18 қараша күні апталықтың ашылу шарасы өтті.
Мақсаты :Оқушылардың бойына өнерге деген құндылықтарды қалыптастыра отырып, ынтымақтастықта жұмыс жасау, өзара қолдау көрсету, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жан -жақты дамыту және түрлі қолөнерді жандандыру барысында ісмерлікке, еңбекке баулу, ұқыптылыққа , жүйелі еңбек етуге, шығармашылыққа баулу, білім шыңына ұмтылысын ынталандыру.
Апталықтың ашылуында өнерпаз биші қыздарымыз испан биін орындады,әр өнер бағыты бойынша ұстаздар мен оқушылар жауапты мамандардың көмегімен түрлі тапсырмалар орындап, шаштараз, тігінші, спорт, еңбек, суретке деген ынта жігерлері мен шығармашылықтарын, қызығушылақтарын байқатты. Шәкірттеріміз өз бойындағы шеберліктерін, қабілеттіліктерін шыңдай алды. Жұмыс соңында барлығына тәттілер таратылып , алғыстар айтылды.