2024 ж. 30 қазан күні орта буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Бірлестік жетекшісі Тажбенова Ләззат Жолдыбаевна әріптестеріне "Бала тәрбиесі - қоғам тәрбиесі" тақырыбында баяндама жасап, өз шығармашылығымен бөлісті. Тәрбиеші Боранбаева Жанылсын Беркиновна "Ойын арқылы оқушылардың ойын дамыту,сөйлеу тілін қалыптастыру" тақырыбында дайындаған баяндамасында сабақта қолданатын технологияларымен таныстырды. Тәрбиешілер белсене атсалысып, өз ойларымен, көңіл - күйлерімен бөлісті. Жиналысқа қатысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғабитова Венера Сұлтанбековна қазіргі таңда тәрбие мен білім берудің озық үлгілерін пайдалану арқылы жетістіктерге жетіп жүрген педагогтарға алғысын білдірді.