Республика күні мерекесі қараңында, 2024 жылдың 23 қазан күні Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп - интернат - колледж» кешенінде дәстүрлі ұлттық ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Бұл шара мектеп оқушыларының дене шынықтыруды дамыту, ұлттық мәдениетімізді насихаттау және салауатты өмір салтын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Жарысқа мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты, олар асық ату, бес тас, тоғызқұмалақ сында ойын түрлерінде өз шеберліктерін сынап, жеңіске жету үшін бар күштерін салды.
Жарыстың негізгі мақсаты - қазақтың ұлттық спорт түрлерін жастар арасында кеңінен танымал ету, оқушылардың қызығушылықтарын оятып, дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру, отаншылдыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, бұл іс - шара арқылы оқушыларға достық, ұжымдық жұмыс, тәртіп және әділ бәсекелестік сияқты құндылықтарды үйрету көзделді.
Барлық жарыс кезеңдері жоғары деңгейде өтті. Әр қатысушы өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, қазақтың ұлттық спорт түрлерін барынша шебер орындауға тырысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, медальдар мен сыйлықтар табыс етілді. Жарыс барысында спортшылардың арасында ынтымақтастық, достық атмосферасы қалыптасып, мектеп оқушылары өзара пікір алмасып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттырды.
Бұл шараның маңыздылығы оқушыларды тек дене шынықтыруға ғана емес, сондай - ақ ұлттық дәстүрлерді сақтап, оларды құрметтеуге тәрбиелеуде болды. Шапшаңдық және төзімділікте жарыса отырып, ұлттық дәстүрлеріміздің атмосферасына бойладық. Әр қатысушы тек спорттық дайындығын ғана емес, сонымен қатар Отанына деген сүйіспеншілігін де көрсетті. Жарыс мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері мен оқушылар үшін ерекше маңызы бар әрі тиімді тәжірибе болды. Мектеп әкімшілігі мен оқушылар осындай шаралардың алдағы уақытта да жалғасуын және ұлттық спортты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.