2024 жылдың 23 қазанында мектеп - интернат - колледжде тәрбиешілер Ж.Балмуханбетова және Ж. Кусакбаеваның ұйымдастыруымен Республика күніне арналған іс - шаралар жоспарына сәйкес “Мен - елімнің ертеңімін” атты сурет көрмесі өткізілді. Аталған шара балалардың өз елінің болашағына деген жауапкершілігін сезінуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және патриоттық сезімдерін нығайтуға бағытталды.

Көрмеге бастауыш және орта буын оқушылары қатысты. Әр оқушы өз көзімен көрген және армандаған елінің болашағын суретке түсірді. Балалар табиғат пен экология, білім мен ғылым, мәдениет, достық пен бейбітшілік сияқты тақырыптарды өз жұмыстарында ашты. Бірі кең байтақ жеріміздің табиғатын суреттеп, ормандардың жасыл желегі мен көгілдір көлдерді бейнелеп, «Мен елімнің ертеңі үшін табиғатты қорғауға көмектесемін» деген ойды білдірсе, енді бірі көкте шарықтаған қыранды бейнелеу арқылы еркіндікті бағалайтынын көрсетті. Көрмеде балалардың өздеріне деген сенімін, елдің бейбітшілігін және татулығын, бейбіт елдегі тату отбасын бейнелейтін суреттер де болды. Осылайша, балалар өз ойларын еркін білдіріп, еліміздің болашағын жарқын әрі татулыққа толы деп қиялдады.

Көрмеге қатысқан оқушылардың жұмыстарын мұғалімдер мен ата - аналар өте жоғары бағалады. Шығармашылық жұмыстар балалардың елге деген патриоттық сезімін, оның болашағына деген жауапкершілігін көрсеткен бірегей туындыларға айналды.

Қорытындылай келе, бұл көрме тек балалардың шығармашылық әлеуетін ашып қана қоймай, оларды еліміздің болашағына деген сенімділік пен үмітке толы көзқараспен қарауға тәрбиеледі. Көрме өз мақсатына толықтай жетіп, оқушылардың еліміздің болашағына деген жауапкершілігін сезінуге үлкен мүмкіндік берді.