Мектеп - интернат - колледжде оқушыларға күзгі мерекелік көңіл - күй сыйлау мақсатында “Күзгі жәрмеңке” ұйымдастырылды.

Жәрмеңке мақсаты:

Күз уақыты молшылыққа толы болғандықтан күздің берекелі, мерекелі кезін насихаттау;

Оқушыларды талғампаздыққа, еңбекқорлыққа баулу, балалардың қызығушылығын арттыру.

Жәрмеңкенің өткізілуіне мектеп оқушылары өз қолдарынан әр түрлі тағам жасап ұсынумен қатар, күзгі жәрмеңкеге сай безендірулерге де үлестерін қосты. Сонымен қатар, жәрмеңкеде жиналған қаражатты мектебіміздің атынан қайырымдылыққа жараттық.