2024 жылдың 17 қазанкүні @jan_ahual психологтарымен бірге, Ақтөбе облыстық арнайы мектеп - интернат - колледжінде колледж студенттеріне арналған “Біз қалай сөйлесеміз және бір - бірімізді түсінеміз?” атты психологиялық тренинг өткізілді. Балаларға өздерінің эмоциялары мен ересектердің ескертулеріне реакцияларын түсінуге көмектесу, сындарлы қарым - қатынас пен жанжалдарды шешу дағдыларын дамыту, ұжымда өзара сыйластық пен қолдаудың маңыздылығын көрсету, сыни тұрғыдан ойлауды және өз іс - әрекеттерін бағалай білуді ынталандыру мақсатында жұмыс жүргізілді.