2024 жылғы 15 қазанда Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кешенінде мектеп асханасында тамақтану сапасына жоспарлы тексеру жүргізілді. Ягофарова Надежда Владимировна, Давыдова Ольга Юрьевна, Оразалиева Әсел дайындалған кешкі астың тамақтану сапасына тексеру жүргізді. Кешкі ас мәзірінде бұқтырылған картоп, нан мен май, жаңа піскен қияр, сүт қосылған тәтті шай болды. Шақырылған ата - аналар балалардың теңдестірілген тамақтанғанына куә болды, біздің аспаздардың тамақты құнарлы әрі дәмді дайындайтынына, балалардың дұрыс тамақтанатындығына көз жеткізді.