Аталған тақырыпта «мектеп-интернат-колледж» кешенінде Ұстаздар мерекесіне арналған шара өтті. Мектеп директоры Г.Шакенова ұстаздарды құттықтап, ардагер ұстаздарға Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың Алғыс хатын табыстады. Білім мен тәрбиеге жеткен жетістіктері үшін бірнеше педагог Ақтөбе облысының білім басқармасының Құрмет Грамотасы және Алғыс хатымен, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, белсенді жас мамандар мектеп директорының Алғыс хатын иеленді.
Мерекелік шара өнерпаз оқушылар мен колледж студенттері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.