Қарттар күнінде ұжым басшысы Г.Шакенова және бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері ардагер ұстаз Аребаев Темірхан Қайранұлын қос мерекесі: 1 қазан – Халықаралық қарттар күні және 5 қазан – Мұғалімдер күнімен құттықтап қайтты. Құттықтау сөзінде Г.Шакенова білім саласына төккен терінің зейнетін көріп отырғанына тоқталып, игі тілектерін арнап, білім мен тәрбиенің жарқын шырағы болып, қаншама ұрпақты ұлағатты сөздерімен, ақыл-кеңестерімен тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.