Қарттар күні – елімізде қарт адамдарды құрметтеу, олардың қоғамдағы орны мен үлесін тану мақсатында атап өтілетін арнайы мереке. Бұл күн әр жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде өткізіледі.
Қарттар күні адамдарды өмір жолын, тәжірибесін бағалауға, оларды құрметтеуге және олардың қажеттіліктеріне көңіл бөлуге шақырады. Әсіресе бұл күнде отбасылар мен қоғам қарттарға ерекше назар аударып, оларға қамқорлық көрсету үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.
Қарттар күнін атап өту арқылы жастарға қарт адамдардың үлгі боларлық өмірлік тәжірибесін, еңбегін құрметтеудің маңыздылығын түсіндіріп, қоғамда қамқорлық пен мейірімділікке жол ашылады.
Осы мерекенің маңыздылығын меңгерту, қарияларымыздың ақыл-өсиеттері арқылы жігерлі, қайратты болуға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу мақсатында 5 “а” сыныбында “Қарты бардың – қазынасы бар” тақырыбына тәрбие сағаты өткізілді.