30 қыркүйек күні колледж студенттерімен “Қарты бардың - қазынасы бар” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:
қарттар күнінің аталып өтілу мақсаты неде екенін түсіндіру;
студенттердің ой - санасын дамыту, танымын кеңейту;
жасы үлкенді сыйлауға, халқымыздың дәстүрін қадірлеуге, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу

​​​​​​​1 қазан - Халықаралық қарттар мерекесі. «Қарты бар үйдің - қазынасы бар», - деп, дана халқымыз айтқандай, үйінде қариясы бар жанұя - шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. «Ақсақалы сиреген ауылдан ар - иман қашады», - деген қанатты сөздер бар. Өйткені кез - келген қазақ шаңырағындағы ата - ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.