“Тіл- мәңгілік ел тірегі”  тілдер онкүндігі

16.09.24ж Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешенінің бастауыш буын бірлестігінің ұйымдастыруымен “Тіл- мәңгілік ел тірегі” тақырыбында тілдер онкүндігі басталды.

 Онкүндіктің мақсаты:

  • Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін, көркемдігін сезінуге, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету;
  • тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту;
  • тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлей білуге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Онкүндіктің ашылуына орай өткізілген шарада 16-27 қыркүйек аралығында өткізілетін іс-шаралармен таныстырылды. “Тіл- мәңгілік ел тірегі” тақырыбы аясында түсінік қалыптастырып, сенімділік орнату мақсатында тілге қатысты мақал-мәтелдер, сұрақтар берілді. “Тіл- мәңгілік ел тірегі”, “Тілім менің - мерейім” тақырыптарында есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға бастауыш, орта және жоғары буын оқушыларына тәрбие сағаттары өткізілді.