26.04.24ж Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат - колледж” кешенінің бастауыш буын бірлестігі ата - аналар арасында  Ә.Кәдеш жене Н.Загитова “Балаңызды қаншалықты жақсы білесіз?” тақырыбында викториналық сайыс өткізді. 

Сайыстың мақсаты: ата -ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімдерін көтеруге көмектесу. Ата - ананың бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға екеніне көз жеткізу. 

Сайыс барысында балаларды ата-аналардың әртүрлі жағдайларда балаға тиімді көмек көрсетуге дайындығын қалыптастыруға ақпарат беріліп, көңілді орта қалыптастыру мен сенімділік орнату мақсатында викториналық түрде ойындар, сұрақтар берілді. Жиналыс барысында “Wоrdwall” сайтымен ситуациялық сұрақтарға жауап берілді. Тағыда лотореялық шариктерді таңдап, сұрақтарға жауап алдық. Ата-аналар арасында баласын қаншалықты танитындығын білу мақсатында, көзін байлап өз баласын түйсікпен тану арқылы ойын өткізілді. Ойын барысында жақсы әсер алды. Балалар өзара қолданыста пайдаланатын ым- ишара тілінде өз ата - анасына видео арқылы сөздер жасырып, ата-аналар жасырылған сөзді тапты. 

Қазылар алқасы мүшелері - мектеп психологы М.Б.Момышева және логопед А.А.Дарибаева сайысқа қатысушы ата-аналарды әділ бағалап, “Белсенді отбасы”, “Креативті отбасы”, “Үлгілі отбасы”, “Көңілді отбасы” номинацияларымен марапаттады. 

Шара соңында ата- аналар бір- біріне жылы лебіз білдіріп, сайыс көңілді нотада аяқталды.