2024 жылдың 25 сәуір күні Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп- интернат- колледж” кешенінде көру қабілеті бұзылған бастауыш сыныптар арасында 0 «ә» класс тәрбиешілері Елеуова Сандуғаш және Смағұл Ақеркенің ұйымдастыруымен “Ойын ойды өсіреді” атты спорттық отбасылық жарысы өткізілді.
Жарыс мақсаты: Ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету аясында баламен қарым -қатынасты нығайтуға , мектептен тыс уақытта демалысты дұрыс ұйымдастыра білуге бағыт беру.
Жарысқа оқушылар ата-аналарымен қатысты. Қимыл- қозғалыс,үстелі үсті ойындарының ерекше білімді қажет ететін балалар үшін маңызды екенін түсіндіре отырып, бойдағы үрей,қорқыныш сезімдерін басу, сенімділік , төзімділік сияқты қасиеттерді шыңдау, шапшаңдыққа баулу,ойлау,есте сақтау қабілеттерін ,қол моторикасын дамыту мақсатында түрлі ойындар өткізілді.
Белсенді спорттық шараның бала мен ата-ана арасындағы, ата-ана мен ұстаз арасындағы байланысты күшейтуге септігі мол.