Эстетикалық және кәсіптік білім беру және жоғары буын тәрбиешілері әдістемелік бірлестіктерінің ұйымдастыруымен өткен “Отбасы бақыты - ол...” апталығы аясында 25.04.2024 күні “Отбасы құндылықтары” тақырыбында викториналық ойын өткізілді.
Тәрбиешілер С.Ермағанбетова мен Д.Қибашеваның ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараның мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы,отбасы беріктігі, бауыр, тума-туыстық қатынас, сыйластық екенін жеткізе отырып, Отбасы да бір шағын мемлекет және оның да өзіндік заңдары, ережесі, салт-дәстүрлері мен құндылықтарының бар екендігі оқушыларға жіте түсіндірілді.
Жоғарғы сынып оқушылары сабаққа белсене араласып, танымдық ойын арқылы ұяшықтарға жасырылған сұрақтарға жауап беріп, тақырып аясында берілген арнайы тірек схемалармен жұмыс жасады. Сабақ барысында сергіту сәті ретінде мектеп психологы М.Б.Момышева тренинг жүргізді.Сабақ мақсатына жетіп,сәтті аяқталды.