2024 жылдың 18 сәуірінде тәрбиеші Б.Ж. Қыдыралина жоғары буын оқушылары мен колледж студенттеріне “Қоқысты қайта өңдеу процесі” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: жасөспірімдерге экологиялық тәрбиені насихаттау, өздері өмір сүріп жатқан қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікпен қарап, таза ұстауға тәрбиелеу. Пайдаланған нәрселерін лақтыра салмай, арнайы орындарға салып, айналаны таза ұстау арқылы денсаулықтарын сақтауға дағдыландыру. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға слайд, видеоматериалдар арқылы қоқыс пен тағам қалдықтары, құтыларды қайта өңдеу арқылы оларға 2 ші өмір сыйлауға болатыны туралы пайдалы да қызықты деректер беріліп, тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.