Орта буын тәрбиешілері білім алушыларға “Мақал-сөздің азығы, жұмбақ-ойдың қазығы” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты:

Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанмен, мағынасы терең, құны қымбат қазына екендігін түсіндіру, тәрбиелік мәні зор рухани байлық туралы білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, мақал – мәтелдерді орынды қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да құдіретті, қастерлі. Ана тілімізді дамытып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру және ойлау, есте сақтау, ой түйіндеу, ауыз екі сөйлеу, ой – өрісін кеңейту - басты міндетіміз. Сөз астарын мағыналы түрде сипаттап көрсету, салауаттылыққа тәрбиелеуде мақалдардың алатын орны ерекше.

Білім алушылар мақал-мәтелдерді жалғастырып, жасырылған жұмбақтардың жауабын айтып, мақал-мәтелдердің мағынасын аша білді. Тәрбие сағаты өз дәрежесінде өтті, Тәрбиеленушілер белсене қатысып, қызығушылық танытты.