А.ж.14 сәуірінде Қибашева Д.М. жоғарғы буын және колледж студенттеріне “Біз нашақорлыққа қарсымыз” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты: жасөспірімдердің нашақорлықпен әуестенуі мен тәуелділіктің алдын алу. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға нашақорлық зардабы мен құрбандығы туралы видеоматериал арқылы мәліметтер беріліп, мысалдар келтірілді,оқушыларға сұрақтар қойылып, дұрыс жауаптар алынды. Нашақорлықтың денсаулыққа, отбасына , ата-анаға тигізер зияны туралы оқушыларға жіте түсіндіріліп, бекіту сұрақтары арқылы тәрбие сағаты қорытындыланды.