Бiлiм алушылардың жыныстық тәрбиесi бойынша онкүндiк жоспарына сай 5 сәуір күнi 6-10-класс және колледж оқушыларына “Құқықтық жауапкершiлiк” тақырыбында тәрбие сағаты өткiзiлдi. Сабақ барысында жеке тұлғалардың белгіленген құқығын бұзатын жыныстық мiнездегi қылмыстар туралы түсiнiк берiлдi. Жыныстық қылмыстарға сипаттама берiле отырып, оның қоғамға өте қауiптi екенi туралы айтылды. Мұндай сипаттағы қылмыстардың нелiктен жасалатындығы, оларды жасаушы тұлғалардың заң алдындағы құқықтық жауапкершiлiгi туралы түсiндiрiлдi. Сонымен қатар, жәбiрленушiнiн құқығының қорғалуы туралы айтылды. Сабақ барысында бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап арқылы сабақ қорытындыланды.