27.03.2024ж. күні жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің “Білім берудегі заманауи трендтер” тақырыбындағы коучингі өтті.
Мақсаты: Оқыту мен тәрбиелеудің заманауи трендтерін таныстыру. Озық инновациялық тәжірибелермен бөлісе отырып, мұғалімдердің кәсіби құзыретті болуына қолдау көрсету.
Міндеттері:
1)Әрбір баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, ойын арқылы тәрбиелеу және оқыту процесін ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру бойынша өзара тәжірибе алмасу;
2)Тренингтер мен ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуі.
Түйінді идея: Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсініктерді қалыптастыру; Білім алушыларды табысты жұмыс істеуге дайындау; Нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін өмірде қолдана алуына бағыттау.
Бағдарламаға сай
- Сарина Г.Е. “Білім беру платформасын қолдану - табысты оқытудың нәтижесі”
- Шаханова Н.А. “Трансформация учебного процесса через инновационные технологии”
- Оңайша Г.М. “Білім беруде жасанды интеллектіні қолдану”
- Психологиялық тренинг. Жусупова А.Ж, Мұратов Қ.М.
- Кужагелдиев Ж. “Е. Ерекше білімді қажет ететін балаларға химия және биология пәндерін оқытуда нейрожелілерді қолдану.”
- Тубетбаева А.Ә. “Күн және күн жүйесі. Виртуалды глобус” тақырыптарын ұсынып, әлемдік брендтердің пайдалану аудиториясы мен тақырыпты ашуға арналған жұмыстарын таныстырды.
Мінбеден сөз алған әрбір маман өз пәні бойынша түрлі ойындар, тапсырмалар беріп, қатысушылардың үш тобы да ерекше белсенділік көрсетті, Кері байланыс жасап, кілт сөздерді дұрыс құрастырған, оны ватсап желісі арқылы көрсетілген нөмірге жіберген жағдайда үлкен сыйақы берілетіні алдын ала хабарланып, соңында жеңімпаздар анықталды.
Педагогтердің жоғары деңгейде ұйымшылдықпен өткізген шарасы мақсатына жетті.