2024 жылдың 28 наурызында жоғары, орта, бастауыш буын тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Сыныптан тыс уақытта тәрбие жұмысын жүргізуде сапалы әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында мектепішілік семинар өтті.
Мектебіміздің «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша ұлттық салт-дәстүрді дамыту мақсатында педагогтар арасында теңге алу, асық ату, домино, бестас, білектесу ойындары өте қызықты, әрі тартысты өтті.
Ойынға белсене қатысқан педагогтарға ұлттық тағам құрт және тәтті алтын теңгелер сыйлыққа берілді.
Жауаптылар: Кибашева Д.,Тулешова Ш., Жетибаева А.,Боранбаева Ж.,Мукашева Ж.,Айтуганова К.