2024 жылдың 19 наурыз күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп - интернат - колледж» КММ кешенінде бастауыш буын оқушыларымен «Армысың, әз - Наурыз!» атты мерекелік шара өтті.

Мақсаты: Оқушыларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, кішкентайынан қазақтың салт - дәстүрлерін бойларына сіңіру. Мерекелік шара барысында балалар Қыдыр атадан бата алып, би билеп, әндер айтылып, ұлттық ойындар ойнатылды.