1 наурыз күні бастауыш буын бірлестігінің «Денсаулығым – байлығым» тақырыбында ұйымдастырған апталығының жабылуына арналған шара өтті.
Апта бойы балаларға салауатты өмір салтын насихаттап, күнделікті күн тәртібін орындау, гигиена тазалығын сақтауға тәрбиелеу, білімдерін шыңдау бағытында бірнеше сабақтар мен кластан тыс шаралар өткізілді. Өткізілген іс шаралардың қорытындысы ретінде Кіржуғыш Кірқоймасқа берген тапсырмаларын тексеріп бейне роликтен барлық көрермен тамашалап, балалар ойын ойнап, сөздіктермен жұмыс жасады. Шара барысында «Көкөністер»,«Гигиена», «Дәрігер» әндерін балдар ым-ишара тілінде орындап шықты. Апталықтың жабылуы жас мамандардың «Денсаулық» әнімен ашылса, мұғалім-тәрбиешілердің «Алғыс» әнімен аяқталды.