“Сымбат” қыздар клубының жетекшісі А.Жетібаева жұмыс жоспары бойынша қыз балаларға “Отбасы бақытының қызға қатысты сырларын аша аламыз ба?” тақырыбында баяндама оқып, қазақ халқының қыз тәрбиесіне аса зор мән беріп құрметтеуі, ұлттық салт-дәстүрлерді бала кезінен бойына сіңіріп, болашақ ана, жар екенін дарыта білгендіктерін түсіндірді. Қыз баланың өміріндегі үш кезең - балалық шағы, бойжеткен кезеңі және тұрмысқа шығуы кезеңдерінің әрқайсысының ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Колледж қыздары баяндама бойынша сұрақтар қойып, өзі білген қағидаларымен бөлісті, белсене араласты.