«Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешені» КММ-де 29 ақпан күні ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық қолдау бойынша 9-10 сынып және колледж оқушыларының ата-аналарына тәрбиешілер Б.М. Дуйсеналина және Қ.Мұратовтың ұйымдастыруымен “Жаманға баспа, жақсыдан қашпа! Әлеуметтік желілер және интернет кеңістігі: жоғары сынып оқушыларының қауіпсіз мінез-құлқы “ тақырыбында педагогикалық қолдау сабағы өткізілді.
Мақсаты: ата-аналарды балалардың интернеттегі және әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыстың шарттарымен, әдістерімен таныстыру.
Ата-аналар сабаққа белсенділікпен қатысып, өз ойларымен бөлісіп, көкейлерінде жүрген сұраққа жауап ала білді. Ата-аналарға балалардың психологиялық және физиологиялық жағынан интернеттің қауіптілігі туралы айтылды.
Түйін: Айтуға оңай болғанымен, әрине, жастарды бірден интернетке деген тәуелділіктен арылту қиын. Бірақ бұл «бұдан шығатын жол жоқ» дегенді білдірмейді. Қазір виртуалда танысқан жастар күнделікті өмірде бас қосып, кездесіп жатыр. Мысалы, еліміздің қалаларында домбыра пати, асық пати секілді кештер ұйымдастырылып жүр. Осы дәстүрді кеңінен үлкен көлемде қолға алса, жастарды қызықтырары сөзсіз. Бұдан бөлек, қалада жастар баратын түрлі спорттық үйірмелер бар. Айталық, шахмат, тоғызқұмалақ, күрес, бокс, суда жүзу, т.б. Қаласа театр, көрме, цирк, кинотеатр, саябақтарға барып көңіл көтерулеріне болады.
Әрбір жас тиянақты білім алумен қатар, күн тәртібіне бос уақытын пайдалы өткізуді күнделікті жоспарлап үйренсе, интернетке деген тәуелділікті алмастырар еді.