2024 жылдың 26 ақпанында Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешенінің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп психологтары Момышева М.Б., Шакибаева А.А. және сурдоаудармашы Нурмашева Г.Б. “Із кесуші” атты квест ойынын өткізді.

Мақсаты: студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Квест технологиясы арқылы жұмыстың ең тиімді түрлерін іздестіру және жүзеге асыру арқылы оқу-тәрбие процесінде студенттердің танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.