2024 жылдың 26 ақпан күні бастауыш буын бірлестігінің «Денсаулығым - байлығым»  тақырыбындағы апталығы  «Кірқоймастың бастан кешкендері»  атты қойылыммен ашылды. Апталықтың басты мақсаты: оқушыларды денсаулықты күтуге үйретіп, салауатты өмір салтын, күн тәртібін сақтауға тәрбиелеу. Шараға барлық бастауыш оқушылары белсене қатысты. Қойылымда оқушыларға тазалық сақтау, күн тәртібінің орындалу тәртібі, жеке бас гигиенасының тазалығын күту қажеттілігінің денсаулыққа пайдасы айтылып көрсетілді. Көрермендерге қойылым ұнады, оқушылар үлкен әсер алды. Қойылым авторы және  дыбыстаған - Боранбаева Ж. Б.